«Манчестер Сити» тұңғыш рет Чемпиондар лигасының финалына шықты
«Манчестер Сити» Чемпиондар лигасының екінші жартылай финалдық кездесуінде «Пари Сен-Жерменді» 2:0 есебімен жеңіп, турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Англияда өткен қарымта кездесуде екі голды Рияд Марез соқты. Бір апта бұрын Париждегі ойын да <span>«МС»</span> пайдасына аяқталған еді.
Осылайша ағылшындық команда алғаш рет Чемпиондар лигасының финалына шықты. Ал команда бас бапкері Пеп Гвардиола соңғы рет финалға он жыл бұрын <span>«Барселонаны» шығарып, жарыс жеңімпазы атанған еді. </span>
<span>Финалға шыққан екінші команда бүгін анықталады. Лондондағы «Стэмфорд Бридж» стадионында «Челси» мадридтік «Реалды» қабылдайды. Бірінші кездесуде қарсыластар тең түсті - 1:1. </span>
Чемпиондар лигасы. 1/2 финал
«Манчестер Сити» (Англия) — ПСЖ (Франция) — 2:0 (1:0)
Гол соққандар: Марез, 11 (1:0), Марез, 63 (2:0)
Ескерту алғандар: Эррера, 22. Верратти, 71. Зинченко, 72. Де Брейне, 74. Кимпембе, 87. Данилу Перейра, 89.
Алаңнан қуылды: Ди Мария, 69.