Темірлан Әміров: Әлі талай жеңіске жетеміз

Ел чемпионатының 9-турында «Тұран» сырт алаңнда «Ордабасыны» 0:1 есебімен жеңіп, ҚПЛ-дағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Prosports.kz.
Ойындағы жеңіс голын соққан шабуылшы Темірлан Әміров түркістандық клубтың баспасөз қызметіне матч жайлы пікір білдірді.
Темірлан, жеңістеріңмен құттықтаймын! Қарсыластар қақпасының нүктесіне доп дəл түсетіндігін сездің бе?
- Рақмет. Шынымды айтсам, инстинг арқылы гол соғатынымды өзім де білдім. Қақпа алды ашық қалған болатын сол сəтте. Себебі, оған мен сенімді едім.
Бас бапкер бұған дейін мені ойын тактикасын өзгертеді деп сенім білдірді. Біздің командамыздың жеңісті сəттері əлі алда. Əлі талай жанкүйерлерімізді қуантатын боламыз. Сіздер оған кəміл сеніңіздер.
Мен, Шымкент қаласының №7-ші футбол мектебінің түлегімін. Туған жерім Түркістан облысы, Созақ ауданы, Тайқоңыр елдімекенінің перзентімін. Кішкентай кезімде кіші футболмен айналыстым.
Командаластарымды жеңіске жетелеген бүгінгі жетістігім мен үшін өте маңызды. Жанкүйерлерім жақсы біледі, бұған дейінгі тур ойындарында «Түркістан-Арена» стадионында алғашқы голымды соққан болатын. Бірақ, бүгінгі голым маңызды болды. Командаға жеңіс әкелді. Сөз реті келгенде айта өтерім, «Тұран» командасы, яғни бізге биылғы Қазақстан чемпионатында үлкен сенім жүктелген. Біз ол сенімді ақтайтын боламыз.