Қазақстан – Молдова матчының төрешісі анықталды

Қазақстан мен Молдова арасындағы жолдастық кездесуде Алексей Николаев бастаған ресейлік мамандар қазылық ететін болды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

ҚФФ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Николаевқа алаң жетегінде Валерий Данченко мен Алексей Воронцов көмектеседі. Ал төртінші төреші қызметі Виталий Мешковқа тапсырылды.

Айта кетейік, Николаев 2014 жылы Ресейдің үздік төрешісі атағын жеңіп алған. 2002 жылдан бері солтүстік көршілеріміздің Премьер-лигасында қазылық етіп келеді. Сондай-ақ, 43 жастағы рефери құрамалар арасындағы іріктеу матчтарында және еурокубоктарда төрелік еткен.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Молдова құрамалары арасындағы матч 18 ақпанда Астана уақытымен 22:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или