Қазақстан кубогы үшінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды

Қазақстан кубогы үшінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды

Футболдан Қазақстан кубогы үшінші іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті, деп жазады Prosports.kz.

Алғашқы іріктеу кезеңдерінің қорытындысы бойынша үшінші айналымға СДЮСШОР №8, «Оңтүстік Академиясы», «Ақсу» және «Мақтаарал» командалары өтті.

Үшінші іріктеу кезеңінің жеребе нәтижесі: 

СДЮСШОР №8 - «Оңтүстік Академиясы»

«Мақтаарал» - «Ақсу» 

Аталмыш кезеңнің жеңімпаздары бір ойын қорытындысы бойынша анықталады және Кубоктың топтық кезеңіне қатысуға мүмкіндік алады. Бұл кезеңнің ойындары 2021 жылы 21 мамырда өтеді. 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или