Әлібек Қасым: Гол соққаныма қуаныштымын

Әлібек Қасым: Гол соққаныма қуаныштымын

Қазақстан чемпионатының 9-турында «Қызыл-Жар» мен «Қайрат» 1:1 есебімен тең түсті, деп жазады Prosports.kz.

Осы ойында есепті теңестірген «Қызыл-Жар» қорғаушысы Әлібек Қасым матч туралы пікір білдірді.

- Ойын өте қиын әрі тартысты өтті. Ұтылмай, бір ұпай алғанымызға өте қуаныштымыз. Гол соққаныма өте қуаныштымын, оның үстіне өзімді тәрбиелеген комадаға қарсы ойында. Қатты жаңбырға қарамастан ойынға келген жанкүйерлерге алғыс айтамын. Олар бізге үлкен қолдау көрсетті, - деді Қасым петропавлдық клубтың баспасөз қызметіне. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или