«Қайрат» тағы ұпай жоғалтты

«Қайрат» тағы ұпай жоғалтты

Қазақстан чемпионатының 9-турында «Қызыл-Жар» мен «Қайрат» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Петропавлда өткен матч 1:1 есебімен аяқталды. Қос голды да қорғаушылар салды. Қонақтар сапынан Денис Поляков, ал алаң иелері сапынан Әлібек Қасым көзге түсті. Айта кетерлігі, Қасым қатарынан төрт ойын бойы гол соғып отыр.

«Қайрат» ел чемпионатының алғашқы 9 турында бесінші рет ұпай жоғалтып отыр. Бұған дейін «Тараз», «Каспий» және «Тобылмен» тең ойнап, «Атыраудан» жеңілген алматылық клуб турнирлік кестеде 4-орында тұр. Басты бәсекелесі «Астанадан» 7 ұпай, ал «Тобылдан» 2 ұпай қалып кетті.  

«Қызыл-Жар» (Петропавл) – «Қайрат» (Алматы) – 1:1 (0:1)

Гол соққандар: Поляков 28 (0:1), Қасым 78 (1:1)

«Қызыл-Жар»: Мирослав Лобанцев (Қ) (К) – Дмитрий Шмидт, Валерий Каршакевич, Әлібек Қасым, Олег Мурачев, Нурлан Даиров – Алтынбек Сапаров, Пабло Подио, Юрий Бушман, Тимур Мульдинов – Данило Алмейда;

«Қайрат»: Стас Покатилов (Қ) – Дино Миканович, Нұралы Әліп, Денис Поляков, Сергей Кейлер – Небойша Косович, Айбол Әбікен, Камо Оганесян, Гулжигит Алыкулов – Адеринсола Эсеола, Хосе Канте.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или