Фернандеш Роналдудан озды

Фернандеш Роналдудан озды

«Манчестер Юнайтед» Еуропа лигасы жартылай финалының алғашқы матчында «Романы» 6:2 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Осы ойында манчестерлік клубтың жартылай қорғаушысы Бруну Фернандеш екі гол соқты. Бұл оның осы маусымда Еурододада соққан 9-голы еді. 

Осылайша, португалиялық футболшы даңқты отандасы Криштиану Роналдудан озып, Еурокубоктарда бір маусымда ең көп гол соққан МЮ ойыншыларының тізімінде екінші орынға шықты. 

Оның алдында 2002/03 жылғы маусымда 12 гол соққан Руд ван Нистелрой ғана тұр.

Ал үшінші орында бір мусымда 8 гол соққан Роналду (2007/08) мен Маркус Рашфорд (2020/21) жайғасқан. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или