Красножан Молдова мен Румыния матчын көріп қайтты

Красножан Молдова мен Румыния матчын көріп қайтты

Юрий Красножан бастаған Қазақстан Ұлттық құрамасының жаттықтырушылар тобы Молдав мен Румыния матчын аяғына дейін көрді.

Ойын соңында бас бапкер Юрий Красножан: — Тартысты ойын өтті. Матчтың басында Молдова құрамасы басымдыққа ие болды. Олардың есепті ашуы да кездейсоқ емес, бірнеше қауіпті сәттер ұйымдастырды.

Командалық жұмыс көзге көрінді, екі шабуылшы тактикасын қолданды. Әзірге мінсіз деп айтуға келмейді, бірақ алғашқы 10-15 минутта молдовалық футболшылар керемет ойын өрнегін көрсетті. Кейін Румыния құрамасы жылдамдықты арттырып, басымдықты қолға алды. Дегенмен молдовалық футболшылардың да алға шығатын сәттері болды. Бұл матч бізге және Молдова құрамасының жаттықтырушылар құрамынан көптеген ақпарат берді,- деп өз сөзін түйіндеген.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Молдова құрамалары арасындағы жолдастық матч 18 ақпанда Астана уақытымен 22:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или