«Ойыннан дұрыс нәтиже шығаруымыз керек». Григорий Бабаян «Каспийге» қарсы матч туралы
Қостанайлық «Тобылдың» бас бапкері Григорий Бабаян «Каспийге» қарсы кездесуден (1:2) соң ойын туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Өте нашар матч өткіздік. Бірінші минуттан бастап техникалық қателіктерге бой алдырдық. Бұл, біріншіден, алаң сапасына байланысты. Бірақ ойынға дейін де алаңның мұндай жағдайда екенін жақсы білдік. Сол себепті қорғаныста сауатты ойнау керектігін айттық. Өзіміздің қателігімізден соң кіргізіп алған бірінші гол бәрін бұзды. Жинақылық жоғалып, шашыраңқы ойнап кеттік, керісінше «Каспий» гол соғатын сәттерді үдете түсті.
Екінші таймда ойынға өзгеріс енгіздік, тың футболшыларды шығарып, ашық ойынға көштік. Алайда қарымта шабуыл кезінде гол енгізіп алдық. Бар күшімізді шабуылға жұмылдырғанымызбен уақыт аздық етті.
Меніңше, «Каспий» заңды тұрғыда жеңіске жетті. Біз ойыннан дұрыс нәтиже шығаруымыз керек. Егер ұпай алғымыз келсе, шабуыл мен қорғаныста сауатты ойнауымыз керек. Бұлай болмаған күнде жеңіске жету туралы әңгіме қозғау артық», - деді Бабаян.