Ресми: «Баварияны» 33 жастағы маман жаттықтырады
Германиялық жас маман Юлиан Нагельсманн «Бавария» футбол клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы мюнхендік клуб ресми хабарлады.
<span>33 жастағы бапкер клубтағы қызметіне 1 шілдеде кіріседі. Келісімшарт 2026 жылдың маусым айының соңына дейін жасалды. </span>
<span>Шетелдік ақпарат құралдарының хабарлауынша, «Бавария» Нагельсманн үшін «РБ Лейпцигті» клубына 25 млн еуро төледі. Ал бапкердің өзі жылына 8 млн жалақы алады. </span>
<span>Айта кетейік, бұған дейін </span>мюнхендік клубтың қазіргі бас бапкері Ханс-Дитер Флик маусым соңында қызметінен кететінін мәлімдеген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или