«Ювентус» Чемпиондар лигасына шықпаса Роналду «МЮ» мен ПСЖ ұсынысын қарастырады

«Ювентус» Чемпиондар лигасына шықпаса Роналду «МЮ» мен ПСЖ ұсынысын қарастырады

«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду жазда «Манчестер Юнайтедке» ауысуы мүмкін. Бұл туралы Tuttosport хабарлады.

Португалиялық футболшы маусымның соңында командадан кетуі мүмкін. Команданың нәтижесі оның көңілінен шықпай жүр. Егер «Ювентус» маусым қорытындысы бойынша Чемпиондар лигасының жолдамасын алмаса, Роналду «Манчестер Юнайтед» пен ПСЖ командаларының ұсынысын қарастырады. 

Роналду Англияға оралу үшін жалақысын қысқартуға дайын. Қазір ол «Ювентусте» 31 миллион еуро жалақы алады. Ал «Манчестер Юнайтед» жылына тек 20 миллион еуро төлеуге дайын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или