ЕУРО - 2023: Қазақстан жастар құрамасының матчы кейінге қалдырылды
Қазақстан жастар құрамасының (U-21) 2023 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясындағы матчы кейінге шегерілді, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан жастар құрамасы 8 маусым күні Ақтөбе қаласында Түркия жастарымен кездесуі тиіс болған. Алайда, Түркия тарапы бұл ойынды кейінге шегеруді сұрады.
Коронавирус індетінің Түркияда күшейіп кетуі бұл ойынға кедергісін келтіріп тұр. Сондықтан да, УЕФА бұл матчты 12 қазан күніне шегерді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или