«ҚПЛ-дың үздік үштігінде қалмақпыз». Мұхамметжан Сейсен – «Тараздың» жетістігі туралы

«ҚПЛ-дың үздік үштігінде қалмақпыз». Мұхамметжан Сейсен – «Тараздың» жетістігі туралы

Осы маусымда Қазақстан чемпионатындағы фавориттер арасында «Тараз» ФК да жүр.

Армян маманы Вардан Минасян жаттықтыратын тараздықтар жеті турдың төртеуінде жеңіп, бір рет қана жеңілген, бүгінде үшінші орында тұр. 

Осындай жеңістердің негізгі себептерінің бірі португалиялық Педро Эужениомен бір қатарда 22 жастағы қақпашы Мұхамметжан Сейсен де бар, ол биылғы маусымда төрт матчта гол жібермеген. 

Prosports.kz тілшісі жамбылдық клубтың қақпашысымен сөйлесіп, «Тараздың» осы маусымдағы мақсаты туралы сұрады.

- Мұхамметжан, «Тараз» чемпионат басында жақсы ойнап, үздік үштікте келеді. Команданың осындай нәтижелеріне не себеп?

- Бас бапкер Миносян келгеннен кейін алғашқы минуттардан бастап біздің психологиямен жұмыс істеп, ойыншыларды әр кездесуде жеңіске жете алатынына сендірді.

- Жеті турдан кейін команда турнир кестесінде елдің қазіргі чемпионы «Қайраттан» алда болады деп ойыншылардың өздері күтті ме?

- Оқу-жаттығу жиынының алғашқы матчтарынан бастап, бүгінге дейін өз ойнымызға ден қоямыз. ҚПЛ-дың үздік үштігінде қаламыз деп үміттенеміз. Кем дегенде соған тырысамыз.

- Үшінші турда алматылық клубпен кездесуден қандай әсер алдыңыз және «Тараз» сол ойында жеңіске жете алар ма еді?

- Қалыпты әсер. Рас, бірінші таймнан кейін есепті 2:0-ге жеткізіп, тең түсу өкінішті. Бірақ нәтижеге көңіліміз толды.

- «Тараз» осы маусымда чемпионаттың соңғы жылдардағы дәстүрлі көшбасшыларына қарсы тұруға дайын ба?

- Менің ойымша, «Тараз» бұрын да жүлде үшін күресуі керек еді, қазір біз абыройлы ойын өрнегін көрсетіп, үздік үштікке енуге лайық екенімізді көрдіңіздер.

- «Тараз» сапында турнирдің үздік бомбардирлерінің бірі Педро Еуженио ойнайды. Ол команда ойынында қаншалықты маңызды?

- Бұл команда жемісі деп ойлаймын.

- Маусымдағы жеті матчтың төртеуінде гол жібермедіңіз. Команда жемісіне португалиялықтан бөлек, сіздің де үлесіңіз көп сияқты?

- Меніңше, бұл барлық жігіт пен бапкерлік штабтың жемісі. Қорғаныс шабуылдан басталады.

- Өткен турда «Тараз» «Каспийден» жеңілді. Футболшылар чемпионаттағы алғашқы жеңілісті қалай қабылдады?

- Біз шешім шығарып, алға қарай жылжи береміз. 

Фото: «Тараз» ФК

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или