Алматыдағы Азия чемпионатына қатысқан кореялық алты балуан COVID-19 жұқтырды

Rүрес түрлерінен Алматыда өткен Азия чемпионатына қатысқан Оңтүстік Корея құрамасының жеті мүшесінен коронавирус анықталды. Бұл тізімде алты балуан мен бапкер бар, - деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Insidethegames.biz сайтына сілтеме жасап.
«Бес балуан мен бапкер Оңтүстік Кореяға оралды, ал алтыншы спортшы Қазақстанда қалды, өйткені ол келесі аптада Болгариядағы сайыста өнер көрсетпек. Бұл елде 6-9 мамырда әлемдік іріктеу турнирі өтеді.
Вирус жұқтырғандардың ешқайсында симптом қатты білінбеді. Оңтүстік Кореяға қайтқандар оқшауланды», - делінген сайтта.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или