Досмағамбетов: «Қайсар» біз үшін өте ыңғайсыз қарсылас

Досмағамбетов: «Қайсар» біз үшін өте ыңғайсыз қарсылас

«Ордабасының» жартылай қорғаушысы Тимур Досмағамбетов шымкенттік клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында «Қайсармен» болған матч (4:2) туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Біріншіден, «Қайсардың» біз үшін өте ыңғайсыз қарсылас екенін айтып өткім келеді. Соңғы үш маусымда біз бірде-бір рет жеңіске жетпедік. Бүгін де кездесу барысында есепте қалып келе жаттық, алайда ешқандай дүрбелең орын алмады, біз жеңетінімізге сендік және өз футболымызды ойнауды жалғастыра бердік, бұл қорытынды есепке өз септігін тигізді және біз жеңісті жұлып алып кеттік. Жалпы, өзіміз күткендей өте ауыр матч өткіздік.

Бірақ бастысы бұл - жеңіс және қоржынымызға үш ұпайдың қосылғаны. Жанкүйерлерге біздің ойынымыз ұнады деп ойлаймын, ал біз өз кезегімізде оларды болашақта да қуанту үшін бар күшімізді саламыз!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или