ҚПЛ - 2015. Стадиондарымыз дайын ба?

Футболдан ел чемпионатының басталуына бір ай қалды. Осы орайда «PROСПОРТ» тілшісі сіздерді Қазақстан премьер-лигасындағы барлық командаларының стадиондарымен таныстырып өтпек.

«Астана»

Астана-Арена

Салынған жылы: 2009

Сыйымдылығы: 33 000

Шөбі: жасанды

«Астана-Арена» - еліміздегі ең заманауй стадион. Спорт кешен 2009-шы жылы салынған болатын. Содан бері «Астана-Аренада» ең маңызды матчтар өткізілуде. Сондай-ақ, аталмыш стадион халықаралық аренадағы үлкен жарыстарды қабылдауға дайын. ЕУРО-2020 мен 2017 жылы өтетін Еуропа суперкубогын Астанада өткізу ұсыныстары - осыған бірден-бір дәлел. «Астана-Аренаның» бір кемшілігі - оның жасанды шөбінде.

«Ақтөбе»

Қобыланды батыр атындағы Орталық стадион

Салынған жылы: 1975

Сыйымдылығы: 12 500

Қайта жөндеуден жылы: 2000

Шөбі: табиғи

Тек қана футбол матчтарына арналған жалғыз стадион - Ақтөбеде. Алайда, оның да кемшіл тұсы - шөбі. Әдемі ойын өрнегін көрсеткісі келетін командалар мұнда қатты қиналады. Бұған себеп, стадиондағы табиғи газонның нашар болуы. Биыл да ештеңе өзгере қоймас, демек «Ақтөбе» ел чемпионатының бірінші жартысын спорт мектебінің жасанды алаңында өткізеді деген сөз.

Жақында ғана облыс басшылығы жергілікті аренаның ескіруіне байланысты 2016-шы жылы жаңа 32 мың адам сыйатын УЕФА-ның 4-ші деңгейіне сай стадион салатынын айтты.

«Қайрат»(Алматы)

Орталық стадион

Салынған жылы: 1958

Сыйымдылығы: 23 804

Қайта жөнделген жылы: 2010

Шөбі: табиғи

Еліміздегі ең танымал стадион. Футбол жанкүйерлері ұлттық құрамамыздың ойындарын Алматыда өтсе екен деп тілейді. Бірақ, Қазақстан футбол Федерациясы Алматыдағы стадион УЕФА-ның 4-ші деңгейіне сай емес деп шешті. Бұл стадионда «Қайрат» өз алаңындағы ойындарын өткізуде. Қазақстандағы ең жақсы табиғи газоны бар алаң - бұл Орталық стадион. Сонымен қатар, стадионның шығыс трибунасының төбесіне шатыр орнатылуы мүмкін деген әңгімелер жүруде. Егерде, Алматы қаласы 2022 жылы өтетін Олимпиада ойындарын өткізетін болса, онда Орталық Стадион мүлдем жабулы мүмкін.

«Ордабасы» (Шымкент)

Қажымұқан Мұнайтпасов атындағы стадион

Салынған жылы: 1969

Сыйымдылығы: 20 000

Қайтра жөнделген жылы: 2008

Шөбі: табиғи

Сыйымдылығы жағынан еліміздегі үшінші стадионы. Әйтсе де, алаңның ішкі һәм сыртқы бейнесі көңіл қуантарлық емес. Бұған қоса, «Ордабасының» жаңа маусымда еурокубоктарда ойнайтынын ескерсек, стадионға жөндеу жұмыстарын жүргізу керек екені анық. Себебі, осыдан үш жыл бұрын соның кесірінен шымкенттік команда өз алаңындағы ойындарын Алматыда өткізуге мәжбүр болған. Қазіргі таңда, облыс басшылығы стадионды жаңартуға бес миллион теңгеге жуық қаржы бөлгені белгілі болды. Алайда, бұл жұмыстар ары кетсе 2016-шы жылы бітуі керек.

«Қайсар» (Қызылорда)

Ғани Мұратбаев атындағы стадион

Салынған жылы: 1969

Сыйымдылығы: 6 800

Қайта жөнделген жылы: 2010

Шөбі: жасанды

Қызылорда облысының басшылығы, былтырғы маусымды сәтті өткізген «Қайсар» футбол клубының инфрақұрылымын жақсартуға барын салатынын айтқан болатын. Өйткені, команданың қазіргі стадионы өте қарапайым және газоны нашарлау екені бәріне белгілі.

«Қайсар» Ғани Мұратбаев атындағы стадионында тағы бірнеше жыл ойнап, 2016-шы жылы жаңа 12 мыңдық стадионға көшеді. Сондай-ақ, «Қайсардың алты алаңы бар базасы құрылуы керек. Ал, бұрынғы стадионды екінші лигада өнер көрсететін «Байқонырға» беріледі. Олардың алдында Бірінші лигаға шығу мақсаты тұр.

«Шахтер»(Қарағанды)

«Шахтер» Стадионы

Салынған жылы: 1958

Сыйымдылығы: 19 000

Қайта жөнделген жылы: 2001

Шөбі: табиғи

Стадионның ескі болуына байланысты еурокубоктағы ойындарын басқа алаңда өткізетін тағы бір команда - «Шахтер». Халықаралық аренадағы жеңістеріне қарамастан, кеншілердің инфрақұрылымы бұрынғы қалпында қалды. Соңғы жылдары жаңа стадион салынады деген әңгімелер көп болатын, бірақ бұның бәрі жай ғана сыбыс болып шықты. Бүгінгі таңда, «Шахтердің» қаржылық мәселесін ескерсек, жаңа стадионның әлі салынбайтыны анық.

«Шахтер» стадионы – кеңес одағында салынған. Қазірде стадионның көптеген кемшіліктері бар. Мәселен, баспасөз-мәслихатын өткізетін арнайы кеңсенің болмауы, жүгіретін жолақтың дұрыс орналаспауы және т.б. «Шахтер» алғашқы матчтарын Теміртаудағы «Металлург» алаңында өткізуі әбден ықтимал.

«Ертіс»(Кереку)

«Орталық» стадион

Салынған жылы: 1947

Сыйымдылығы: 11 828

Қайта құрылған жылы: 2007

Газон: жасанды

«Ертістің» жаңа ойыншысы Самат Смақовтың айтуынша, керекулік клубтың басшылығы инфрақұрылымға көп көңіл бөлуде. Жақында ғана, «Ертіс» стадионында шөп ауыстырылып, батыс трибунасының төбесі жабылған.

Естеріңізге сала кетсек, сол себептен былтырғы маусымның аяғында «Ертіс» өз ойындарын «Жұлдыз» стадионында өткізген. Жаңа алаң УЕФА-ның «екі жұлдыз» сертификатына ие болды. Демек, «Ертіс» еурокубоктардағы барлық ойындарын өз алаңында өткізе алады. Сондай-ақ, алдағы уақытта Керекуде жаңа 3 мыңдық футбол манежі салынуы жоспарда бар.

«Атырау»

«Мұнайшы» стадионы

Салынған жылы: 1950

Сыйымдылығы: 8 660

Қайта жөнделген жылы: 1999

Шөбі: табиғи

«Атыраудың» стадионы бірнеше рет Қазақстан футбол Федерациясынан қатал жазасына ұшыраған болатын. Бұл стадионды қайта құру жұмыстары 1999 жылы жүргізілген болатын. Содан бері ештеңе өзгермеген. Бірақ, клуб стадион шөбін ауыстарған. Бұл жұмысты ресейлік компания «Оптимал строй» жүргізген. Олар стадионға жаңа «Хантер» неміс фирмасының табиғи газонын төсеген.

Бірақ, «Оптимал Стройдың» айтуынша, бұл алаңда ойындарды мамыр айынан бастап өткізген жөн. Сондықтан, «Атырау» бастапқы ойындарын қосалқы «Судоремонтник» алаңында өткізуі мүмкін.

«Тобыл»(Қостанай)

«Орталық» стадион

Салынған жылы: 1964

Сыйымдылығы: 8 050

Қайта жөнделген жылы: 2004

Шөбі: табиғи

Тағы бір «Орталық» атауы бар стадионымыз. Басқа стадиондардан ерекшілігі жоқ. Еурокубоктарда ойнамағаннан кейін, клуб басшылығы инфрақұрылымын жақсартуға аса тырысып жатқан жоқ.

2008-ші жылы «Орталық» стадионда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Неміс технологиясының көмегімен жаңа автоматты суару жүйесі бар табиғи шөп төселген болатын. «Тобылдың» директоры Баймұратов Талғат Әкімжанұлымен болған әңгімеде, қостанайлық команда алғашқы ойындарын Затобольсктегі қосалқы алаңында өткізетіні белгілі болды.

«Жетісу»(Талдықорған)

«Жетісу» стадионы

Құрылған жылы: 1982

Сыйымдылығы: 5550

Қайта жөнделген жылы: 2005

Шөбі: табиғи

«Жетісудің» стадионы еліміздегі ең жас ареналардың бірі. Дегенменде, Талдықорғандағы алаңның сапасы өте нашар. Демек, көктемдегі ойындарын талдықорғандық команда Алматыда өткізуі әбден мүмкін. Десек те, былтыр «Жетісу» стадионының маңында 1200 жанкүйерлер сиятын жасанды алаңы бар қосалқы стадион салынған болатын. Бұл мини-стадион жергілікті жас ойыншылар мен футбол академиясының түлектеріне арналған.

«Оқжетпес»(Көкшетау)

«Оқжетпес» стадионы

Құрылған жылы: 1955

Сыйымдылығы: 4500

Қайта жөнделген жылы: 2004

Шөбі: табиғи

Көкшетаулық клуб премьер-лигаға қайта оралды. Команданың тізгінін әйгілі бас бапкер Владимир Мұқанов ұстады. Алайда, бапкерлік құрам мен ойыншыларының премьер-лигаға дайын екеніне қарамастан, көкшетаулық команданың инфрақұрылымы өте нашар. Жергілікті жанкүйерлер қатарынан бірнеше жыл болды стадионның ыңғайсыз екенін айтып келеді. Алаңның деңгейі өте төмен, сондай-ақ табло ескірген, отыратын орындықтары ұсқынсыз. Солтүстік Қазақстанның ауа-райы мен жергілікті стадионның газоны табиғи екенін ескерсек, «Оқжетпес» ойындарын қай жерде өткізетіні әлі белгісіз. Мүмкін, жасанды газон төселуі керек «Юбилейный» стадионында өткізуі мүмкін.

«Тараз»

«Орталық» стадион

Құрылған жылы: 1967

Сыйымдылығы: 12 527

Қайта жөнделген жылы: 2002

Шөбі: табиғи

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Тараз футбол мектебінің түлектері өнер көрсетеді. Бұған себеп - Тараз қаласында футбол орталықтарының ашылуы мен Орталық стадионның жаңартылуы. 2013-ші жылы «Тараздың» аренасында шатыр салынып, УЕФА-ның деңгейіне сай жұмыстар жүргізілді. Бүгінгі таңда, «Тараздың» стадионы еурокубоктардың іріктеу кезеңіндегі ойындарын өткізе алады. Сондай-ақ, «Орталық стадионда» голландиялық технологияларға сай табиғи газон төселген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или