«Қызыл-Жар» грузиялық шабуылшымен қоштасты

«Қызыл-Жар» грузиялық шабуылшымен қоштасты

«Қызыл-Жар» футбол клубы 25 жастағы грузиялық шабуылшы Роман Чантуриямен келісімшартты бұзды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы петропавлдық клубтың баспасөз қызметі хабарлады

<span>«Жаттығу кезінде алған жарақатына байланысты Роман Чантурия белгісіз мерзімге қатардан шығып қалды. Сонымен қатар легионерлерге берілетін квоталардың саны шектеулі болуына байланысты футболшы мен клуб басшылығы тараптардың келісімі бойынша келісімшартты бұзу туралы шешім қабылдады», - деп жазды клубтың ресми сайты. </span>

Айта кетейік, Роман Чантурия «Қызыл-Жар» сапында ел чемпионатының 5 кездесуіне қатысты. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или