Ерланов Қазақстан чемпионатындағы 100-кездесуін өткізді
Қазақстан құрамасы мен «Ордабасы» қорғаушысы Темірлан Ерланов Қазақстан чемпионатындағы 100-кездесуін өткізді, деп жазады Prosports.kz.
27 жастағы ойыншы мерейтойлық матчын ел чемпионаты аясындағы «Жетісуға» (4:0) қарсы кездесуде өткізді.
Өскемен футболының түлегі Темірлан Ерланов Қазақстан чемпионатындағы алғашқы ойынын 2013 жылы 5 мамырда «Восток» - «Ордабасы» матчында өткізген. Ол «Восток» сапында 8 матчқа, «Тобылда» 17 матчқа қатысты. Ал «Ордабасы» сапында 75 матчқа қатысып, 8 гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или