Әнуар Ағайсин: «Қазақстан жастар құрамасында өнер көрсеткім келеді»

«Тобылдың» негізгі командасымен келісім-шартқа отырған дубльдің капитаны Әнуар Ағайсин «PROСПОРТ» тілшісіне шағын сұхбат берді.

– Әнуар, «Тобылдың» негізгі командасымен келісім-шартқа отырғаның туралы бүгін ақпарат шықты. Осы туралы айтып өтсең...

– Иә, кеше келісімге қол қойдық. Әрине, менің мақсатым осы болатын. Маған сенім артқанын бапкерлер мен ата-анама рақмет.

– Жалпы, футболға қалай келгенің жайында тоқтала кетсең...

– Барлық балалар құсап футболға 9-10 жасымда келдім. Алғашқы бапкерім – Роман Михайлович Сидиков. Соның жаттығуларына жазылып, футболмен айналыса бастадым. Күнде 7:30-да жаттығу басталады. Таң атпай тұрып, жаңбырдың жауғанына, суықтың ызғарына қарамастан жаттығуға баратынмын.

– Ал қазір кәсіпқой футболшы атандың. Негізгі команданың ойыншысы болған қалай екен?

– Мүлде бөлек сезім. Маусымға дайындалып жатырмыз. Көңіл-күйіміз тамаша. Алдағы маусымда үздік алтылыққа кіруді мақсат қылып отырмыз. Көздегеніміз – Қазақстан чемпионы болу.

- Ал ойыншы ретінде өзіңнің мақсатың қандай?

- Негізгі құрамда мықтап бекітілуді көздеймін. Сондай-ақ, Қазақстан жастар құрамасында өнер көрсеткім келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или