Күрес

Ерұлан Ысқақов: Лицензиялық турнирге қатыспайтынымды білгенімде аздап көңілім түсті

Ерұлан Ысқақов: Лицензиялық турнирге қатыспайтынымды білгенімде аздап көңілім түсті
news-banner7
mobile-news-top

Грек-рим күресінен Алматыда өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері Ерұлан Ысқақов Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, өз жеріміздегі құрлық біріншілігіне қатысты ойымен бөлісті.

«Азия чемпионаты ойдағыдай өтті. Бірінші қарсыласым тәжікстандық балуанды айқын басымдықпен ұттым. Екінші кезеңде ирандық спортшымен белдесіп, 9:9 есебінде алда келе жаттым. Өкінішке қарай, жеңіліп қалдым. Төрешінің аяғына шалынып қалғанымды есепке алмайтын шығар дегенмін. Бірақ қарсыласқа төрт ұпай қосып берді. Осы бір сәтті өзім де түсінбей қалдым.

Турнирге дайындық жоғары деңгейде болған. Бірақ, шыны керек, Азия аймақтық іріктеу турниріне қатысамын деп ойладым. Алайда, бапкерлер Олжас Сырлыбайды лицензиялық додаға қосып, мені құрлық біріншілігіне қатыстырды. Рас, аздап көңілім түсіп, турнирге қатысқым да келмеді. Келесі іріктеу турниріне кім баратынын білмеймін», - дейді Ерұлан.

Ерұлан Ысқақов 97 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер