«Ақтөбе» жанкүйерлеріне үндеу жолдады
19 сәуірде «Ақтөбе» футболшылары осы маусымда өз стадионында алғаш рет ойнайды. «Ақ-қызылдар» қарағандылық «Шахтерді» қабылдайды. Мұндай маңызды оқиғада жанкүйерлер ойынды стадионнан тамашалай алмайды, деп хабарлайдыProsports.kz.
Осыған байланысты клуб жанкүйерлеріне үндеу жасады.
«<span>Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты және облысымыздың «қызыл аймаққа» енуіне қарай, футболдан ҚР чемпионатының 6-туры көрерменсіз өтетінін хабарлаймыз!</span>
<span>«Ақтөбе» футбол клубы өз алаңында өтетін ойынға жанкүйерлердің қатыса алмайтындығына түсіністікпен қарауға шақырады. Себебі сіздің денсаулығыңыз бен қауіпсіздігіңіз біз үшін өте маңызды орында. Сонымен қатар эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанша стадион маңында топ болып жиналмауларыңызды өтінеміз.</span>
<span>«Ақтөбе» мен «Шахтер» арасындағы кездесу сағат 16:00-де (АҚТ) QAZSPORT телеарнасының тікелей эфирінен көрсетілетінін жеткіземіз», - делінген хабарламада.</span>