Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиынын бастады

Футболдан Қазақстан құрамасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Бас бапкер Юрий Красножан негізгі құрамасының ойыншыларынан тыс жиынға тағы бірнеше ойыншыларды шақырды. Молдоваға қарсы жолдастық кездесуде оларды байқап көрмек. Жарақатына байланысты Александр Мокин жиынға бара алмады, бұдан өзге үш қақпашымыз бар - Александр Сидельников, Ненад Эрич пен Александр Петухов», - деді Владимир Нидергаус Қазақстан футбол федерациясының баспасөз-қызметіне.

Естеріңізге сала кетсек, ОЖЖ-ны ақпанның 11-і мен 19-ы аралығында өтеді. Сондай-ақ, 18-ші ақпан Молдоваға қарсы жолдастық кездесу өткізіледі. Матчтың басталу уақыты - 22:00.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или