Азия чемпионаты: Талғат Сырбаз бен Әлішер Ерғали финалға шықты
<span>Алматыда күрес түрлерінен Азия чемпионатында еркін күрес бойынша бәсекелер басталды, деп хабарлайды Olympic.kz. </span>
<span>Еркін күрес шеберлері жарыстың алғашқы күнінде 57-65-70-79-97 келі салмақ дәрежелерінде құрлықтық біріншіліктің жүлдесін сарапқа салады. </span>
<span>Қазақстандық Талғат Сырбаз Азия чемпионатындағы жеңісті жолын сәтті жалғастыруда. 70 келіге дейінгі салмақта кілемге шыққан ол жартылай финалда Оңтүстік Корея спортшысы Сеюнг Бо Лидді 6:2 ұпайымен жеңді. </span>
<span> 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әлішер Ерғали жартылай финалда моңғолиялық қарсыласын 6:2 есебімен ұтты. Ол финалда Иран балуаны Али Халил Шабанибенгармен кездеседі. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или