«Реал Мадрид» Чемпиондар лигасындағы рекордын жаңартты
Испанияның «Реал Мадрид» клубы футболдан УЕФА Чемпиондар лигасында рекорд жаңартты. Ол өзінің тарихына аталған турнирдің жартылай финалына 14 мәрте шығып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
<span>Испандық клуб 14 сәуірде сырт алаңда Англияның «Ливерпуль» клубымен 0:0 есебімен тең ойнады. Алғашқы кездесуде «Реал Мадрид» 3:1 есебімен тізе бүктірген еді. Екі ойынның нәтижесімен испандық клуб жартылай финалға шықты. </span>
<span>Кеше тағы бір кездесуде Германияның «Боруссия Дортмунд» командасы өз алаңында «Манчестер Сити» клубына 1:2 есебімен есе жіберді. Неміс футболшылары дәл сол есеппен апта бұрын да жеңіліп қалған болатын. </span>
<span>Енді 27 сәуір мен 4 мамырда «Манчестер Сити» мен «Пари Сен -Жермен» (Франция), «Челси» (Англия) мен «Реал Мадрид» командалары шеберлік байқасады. </span>
<span>Финал 29 мамырда Түркияның Ыстанбұл қаласындағы «Ататүрік» олимпиадалық стадионында өтеді.</span>