Чемпиондар лигасы: Жартылай финалға шыққан екі команда анықталды

Чемпиондар лигасы: Жартылай финалға шыққан екі команда анықталды

Сәуірдің 13-нен 14-іне қараған түні футболдан Чемпиондар лигасының ширек финалдық екі ойыны өтті, деп хабарлайды Prosports.kz

ПСЖ ширек финалдың екінші ойында Мюнхеннің «Бавариясына» 1:0 есебімен есе жіберді. 40-минутта жалғыз голды Эрик Чупо-Мотинг соқты. Естеріңізге сала кетейік, алғашқы матч 3:2 есебімен ПСЖ пайдасына аяқталған болатын. Қонақта көп гол соққанына байланысты француз командасы келесі кезеңге жолдама алды. 

Қатар өткен ойында  «Порту» сырта алаңда «Челсиді» ұтты(1:0). Бірінші матч 2:0 есебімен ағылшын командасының жеңісімен аяқталды. Бұл нәтиже «Челсиге» 1/2 финалда өнер көрсетуге мүмкіндік берді.

14 сәуірден 15 сәуірге қараған түні тағы екі жартылай финалист анықталады: «Ливерпуль» «Реалды» қабылдайды, ал Дортмундта жергілікті «Боруссия» «Манчестер Ситимен» ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или