Томасов «Астананың» 4-турдағы үздік ойыншысы атанды

Томасов «Астананың» 4-турдағы үздік ойыншысы атанды

Instat аналитикалық компаниясының мәліметінше, Марин Томасов - «Астананың» «Атыраумен» кездесудегі үздік ойыншысы, деп жазады Prosports.kz.

Хорватиялық ойыншы аталған кездесуде төрт голдық пас беріп көзге түсті.

Ол 406 ұпаймен бірінші орынға ие болды. Одан кейін қорғаушы Абзал Бейсебеков (317) жайасқан. Үздік үштікті шабуылшы Абат Айымбетов түйіндеді (315 ұпай).

1. Марин Томасов - 406

2. Абзал Бейсебеков - 317

3. Абат Айымбетов - 315

4. Роман Муртазаев - 294

5. Сағи Совет - 269.

Айта кетейік, ел чемпионатының төртінші туры аясында өткен «Астана» – «Атырау» матчы 6:2 есебімен аяқталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или