Жоао Пауло «Ордабасы» сапында 30 гол соқты
«Ордабасының» 32 жастағы шабуылшысы Жоао Пауло «Ақтөбеге» (4:4) қарсы матчта Қазақстан чемпионатында шымкенттік клуб сапындағы 30-голын соқты, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
«Ордабасы» сапында Жоао Пауло 2019 жылы 9 наурызда дебютін өткізген, сол кезде «Шахтерге» (3:0) қарсы ойнаған. Пауло негізгі құрамда шығып, дубль жасаған еді.
Бразилиялық футболшы шымкенттік командада үшінші маусымын ойнап жатыр. Бүгінге дейін 54 матч өткізіп, 30 гол соққан.
Қазіргі уақытта Жоао Пауло шымкенттік клуб тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінде екінші орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или