«Тараз» легионері Альфонс Коджо: Қазақстан - қонақжай ел екен

«Тараз» легионері Альфонс Коджо: Қазақстан - қонақжай ел екен

«Тараз» легионері Альфонс Коджо «Шахтермен» өткен ойын туралы және ел бірінішілігі жайлы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Альфонс, өткен ойын туралы не айтасың?

<span>- Қорытынды нәтиже өте керемет болғанымен, ойын оңай өткен жоқ. Алаңда қандай күрес болғанын көрдіңіздер. Қарсылас команда сапында өте тәжірибелі ойыншылар алаңның кез келген бөлігінде қысым көрсетуге тырысты.</span><span> Тәртіп пен барынша беріліп ойнағанымыздың арқасында оң нәтижеге қол жеткіздік. Матч тізгінін өз қолымызға алуымызға алғашқы екі гол үлкен септігін тигізді.</span>

- Қазақстан чемпионатының осындай деңгейде боларын күттіңіз ба?

<span>- Шынын айтқанда, әлемде командалар класы теңесіп келеді. Қазақстан чемпионатының деңгейі де жоғары. Мен ойнаған Португалияда, Арменияда өздеріне тән ерекшелігі бар. Қазақстанда да атап өткен елдердегідей жоғары лигада әлсіз командалар жоқ. Әр ойында соңына дейін күресу керек.</span>

- Біздің ел жайлы, Тараз туралы сіздің алғашқы әсеріңіз қандай?

<span>- Маған ұнап жатыр. Жылы, қонақжай ел екен. Тараз – тыныш қала. Барлық жерлерді әлі аралап көрген жоқпын, бірақ естіп танысып жатырмын. Жақын уақытта көзбен көріп танысып, өз әсеріммен сіздермен бөлісемін деген ойдамын.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или