«Ақтөбе» ойыншысы «Ақжайыққа» ауысты

«Ақтөбе» ойыншысы «Ақжайыққа» ауысты

«Ақтөбенің» жартылай қорғаушысы Ардақ Сәулет маусымның соңына дейін «Ақжайыққа» жалға берілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы ақтөбелік клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Хабарламада жазылуынша, футболшы жаңа маусымда командадағы бәсекелестікке байланысты ойынға көп шыға алмай жүрді. Сол үшін оралдық клубқа жалға берілді.

Айта кетейік, 24 жастағы Сәулет мансабын «Астанада» бастады. Жартылай қорғаушы «Ақтөбеге» 2017 жылдың басында ауысқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или