Маусымдағы алғашқы отставка: Әли Әлиев «Шахтерден» кетті

Маусымдағы алғашқы отставка: Әли Әлиев «Шахтерден» кетті

Әли Әлиев қарағандылық «Шахтердің» бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Kozhakhmet_inside_official телеграм-каналына сілтеме жасап.

Әлиевтің командадан кетуіне команданың 4-турда «Тараздан» 0:4 есебімен жеңілуі себеп болған.

«Куәгерлердің айтуынша, Әлиев клуб директоры Ерлан Оразаевпен сөйлескен. Біраз ақылдаса келе, «кеншілердің» басшылығы Әлиевтің отставкасын қабылдады. «Таразбен» кездесуге дейін онымен ешкім қоштасқысы келмеген, клуб жаттықтырушыға сенді және жақын арада бапкер шабуылды күшейтіп, кейін команда нәтижеге қол жеткізе бастайды деп ойлады», - деп жазылған каналда.

Осылайша, 2021 жылғы маусымдағы алғашқы отставка 4-турда болды.

Еске салайық, «Шахтер» чемпионаттың алғашқы төрт турынан кейін бір матчта жеңіліп, үшеуінде жеңілген. Бірақ стадион дайын болмауына байланысты қарағандылық клуб үш ұпайынан уақытша айырылған, сондықтан команда нөл ұпаймен соңғы орында тұр. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или