Қазақстан Кубогының жеребесі тартылды
Қазақстан Кубогының алғашқы екі кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасы Кубогының алғашқы кезеңі үш бөліктен тұрады – бірінші, екінші және үшінші кезеңдер. Алғашқы кезеңге Бірінші және Екінші лигадан барлығы 14 футбол клуб қатысады.

Олардың 12 жеребе қорытындысы бойынша өзара жұп құрап, бірінші кезеңде ойнады, ал қалған екі команда екінші кезеңнен бастап сынға түседі.

Бірінші кезеңнің барлық ойындары 2021 жылдың 22 сәуірде өтеді, ал екінші кезеңнің кездесулері 1 мамырға жоспарланған.
Қазақстан Кубогының алғашқы кезеңдерінің қатысушылары: «Игiлiк», «Оқжетпес», «Ақсу», «Қыран», «Оңтүстік академиясы», «Мақтаарал», «Екібастұз», «Алтай», «SD Family», «Рузаевка», «Жас Қыран», «Яссы-Түркiстан», «Жеңіс», СДЮСШОР № 8 (Нұр-Сұлтан қ.).
Қазақстан Кубогы. Бірінші кезең. 22 сәуір
A матчы: «Рузаевка» — «Яссы-Түркiстан»
B матчы: «Игiлiк» — СДЮСШОР №8
C матчы: «Екібастұз» — «Ақсу»
D матчы: «SD Family» — «Қыран»
E матчы: «Жас Қыран» — «Мақтаарал»
F матчы: «Оқжетпес» — «Жеңіс»
Қазақстан Кубогы. Екінші кезең. 1 мамыр
A матчының жеңімпазы — «Академия Онтустык»
B матчының жеңімпазы — «Алтай»
C матчының жеңімпазы — D матчының жеңімпазы
E матчының жеңімпазы — F матчының жеңімпазы