Чемпиондар лигасының «сегіздік финалы» өтетін орын ауысты

Чемпиондар лигасының «сегіздік финалы» өтетін орын ауысты

УЕФА футзалдан Чемпиондар лигасының «Сегіздік финалы» өтетін орынды ауыстыруға шешім қабылдады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы УЕФА-ның ресми сайты хабарлады.

Алайда Чемпиондар лигасының шешуші кезеңі Хорватиядан ауыстырылмайды, турнир аталған елдің басқа қаласы - Задарда өтеді.

Коронавирус пандемиясының Еуропадағы жаңа толқынына байланысты «Загреб Арена» шұғыл түрде ауруханаға айналды. Хорватияны футзал мерекесін айырмау үшін УЕФА жарысты Задарға ауыстырды.

«Қайрат» футзал клубы Чемпиондар лигасының ширек финалында «Бенфикамен» кездеседі. «Сегіздік финал» кездесулерін «Қайрат» пен «Бенфика» бастайды. Бұл матч 28 сәуірге жоспарланған.

Айта кетейік, бұған дейін УЕФА Атқарушы комитеті «Сегіздік финалды» Минскіден Загребке ауыстырған.

Чемпиондар лигасының финалдық кезеңі Минскіде өтпейді

Чемпиондар лигасы: Ширек финалда кімдердің жолы түйісті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или