Құралбек Ордабаев: Қазақ футболының көркін футболшылар емес, төрешілер «қыздырып» жүр

Құралбек Ордабаев: Қазақ футболының көркін футболшылар емес, төрешілер «қыздырып» жүр
news-banner7
mobile-news-top

«Қайраттың» ардагері Құралбек Ордабаев Prosports.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында қазақ футболында проблемаға айналған төрешілік мәселесіне қатысты өз көзқарасын білдірді.

- Құралбек Досжанұлы, жаңа маусымға қандай баға бересіз?

- Өкінішке орай, алғашқы турларда футболдан гөрі, төрешілер деңгейі жайлы айтуға мәжбүрміз. Деңгей өте төмен. Барлық матчтарды қарадым, сондықтан бұл туралы сенімді айта аламын. Әр матчтан кейін жанкүйерлер, жаттықтырушылар, ойыншылар, ардагерлер наразылық білдіріп жүр. Адам өз ойың, пікірін айтуға құқығы бар. Менің ойымша, төрешілер өздерінің өрескел қателіктерімен ҚФФ төрешілер комитетін және бүкіл федерацияны көпшілік алдында «жығып беріп» отыр.

- Сіздің ойыңызша, қазақстандық қазылар біржақты жұмыс істей ме, әлде оларға біліктілік жетіспей ме?

- Әлемнің төрешілері ұстанатын ережелерді бірыңғай түсіндіру бар. Алайда, бұл біздің төрешілерге белгісіз сияқты. Қазақстанда кез-келген төреші өз қалауынша жұмыс істейді.

- «Атырау» - «Шахтер» матчында жұмыс істеп, кейін футболшыға жұдырық сілтеген Арман Исмуратов үшін маусым басталмай жатып аяқталды...

- Исмуратовты жыл соңына дейін кәсіби міндетінен босату - дұрыс шешім. Бұл өзі үшін де, барлық төрешілер үшін де жақсы сабақ болады.

- Регламент бойынша төрешілерге түсініктеме немесе сұхбат беруге тыйым салынған. Бұл ережеге көзқарасыңыз қалай?

- Тағы қайталап айтамын: кімнің болса да өз ойың ашық айтуға құқы бар. Мұндай заңды кім ойлап тапса да, ол Қазақстан футболының дамуына орны толмас зиян келтіріп отыр. Бұл Конституция мен адамның құқықтарын өрескел бұзу - адамдарға сөйлеуге тыйым салу.

Егер төрешілер өз жұмыстарына жауап беріп, қабылдаған әр шешіміне түсініктеме бере алса, оларға шағым да, қоғамдық қысым да азаяр еді. Өрескел қателік жібереді. Ол үшін ешкім жауап та бермейді, түсіндірмейде де.

Мысалы, «Ордабасы» - «Ақжайық» матчының 92-минутында төреші Ноженко қай ережеге сүйеніп пенальти белгілегенін білгім келеді. Бірақ одан жауап ала алмаймын.

Ал «Қайрат» - «Тараз» матчын алайық: қонақтар қақпасына екі пенальти белгіленбеді, ал Вагнер Лав ауыр жарақаттан аман қалды. Керемет шебер, Бразилия құрамасында ойнады, Оңтүстік Америка Кубогын жеңіп алды, бірақ біздің ойыншылар ешқандай құрмет көрсетпейді.

- Құралбек Досжанұлы, қазақстандық қақпашылардың деңгейіне қандай баға бересіз?

- Шеберлігі жоғары қақпашылар көп, лайықты жастар да өсіп келеді. Бұл позицияның болашағы үшін алаңдамаймын.

- Әңгімеміздің соңында біздің футболға қандай тілек айтар едіңіз?

- Мықты команда жеңіске жетсін. Алаңда футболшылардың, командалардың ойынына тәнті болып, соған ғана баға берсек. Өкінішке орай, сахнаның көркін төрешілер ғана «қыздырып» жүр.

Қазақ футболындағы былықтар жайлы:

«Масқара-Арена» ма, әлде масқара шешім бе?

«Оқжетпес» тоғыз футболшыға қарыз. ҚФФ проблеманы шешу үшін бір ай уақыт берді

ҚКФЛ талаптары сақталмай ма?

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер