Тұңғышбаев «Ордабасы» - «Ақжайық» матчы туралы айтты
«Ордабасының» жартылай қорғаушысы Еркебұлан Тұңғышбаев шымкенттік клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында «Ақжайықпен» өткен матч туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
- Кездесу біз үшін өте қиын болды, әлбетте, біз бүгінгі ойында жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз. Біз ары қарай да жеңістерге жетіп, өз жанкүйерлерімізді қуантамыз деп сенемін.
Бүгін өзімнің клубқа оралғаннан кейінгі және осы маусымдағы алғашқы голымды соққаныма қуаныштымын, алдағы уақытта да командаға чемпионат ойындарында қажетті нәтижеге қол жеткізуге көмектесемін деген ойдамын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или