«Қайрат» өз алаңында «Таразды» жеңе алмады
Қазақстан чемпионатының 3-туры аясында «Қайрат» пен «Тараз» кездесті, деп жазады Prosports.kz.
Алматыда өткен матчта күтпеген жерден тең есеп тіркелді. Ел чемпиондары өз алаңында «Таразды» еш қиындықсыз жеңеді деген болжам жүзеге асқан жоқ.
«Тараз» ойыншылары алғашқы таймда қос гол соғып алға шыққан. Бірақ екінші таймда алматылықтар есепті теңестіре алды. Бірақ жеңісті жұлып алу мүмкін болмады. Мұхаметжан Сейсен бастаған қонақтардың қорғаныс шебі сауатты өнер көрсеті.
Қазақстан чемпионаты – 2021. 3-тур.
«Қайрат» – «Тараз» 2:2 (0:2)
Гол соққандар: Канте 55, Вагнер 66 – Эужениу 9, Байтана 35.
«Қайрат»: Покатилов (Қ, К), Оганесян, Әліп, Дугалич, Миканович, Алыкулов, Үсенов, Әбікен, Косович, Вагнер, Канте.
«Тараз»: Сейсен (Қ), Эужениу, Альфонс, Адамович, Обилор, Әмірханов (К), Байтана, Айтбаев, Таубай, Ахметов, Шаихов.