Сүймағамбетов «Тобыл» - «Астана» матчының фаворитін атады
Бүгін футболдан Қазақстан чемпионатында 3-туры аясында төрт матч өтеді. Оның бірінде қостанайлық «Тобыл» өз алаңында «Астананы» қабылдайды.
Қазақстан футболының ардагері Әли Сүймағамбетов бұл ойын туралы Prosports.kz тілшісіне пікірін айтты.
- «Тобылды» фаворит санауға болады, өйткені Қостанай өз алаңында ойнайды. Екінші жағынан, ойыншылары ел құрамасынан шаршап келді, демек, мүмкіндік 50-де 50. Ойын тең дәрежеде өтеді, бәрін ойыншылардың жеке шеберлігі шешеді, - дейді маман.
Жексенбіде үш матч өтті. «Каспий» өз алаңында «Жетісудан» 2:0 есебімен басым түсті, «Ақтөбе» сырт алаңда «Атырауды» жеңді (3:1), ал «Тұран» мен «Қайсар» 1:1 есебімен тең тарқасты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или