«Тұранның» бас бапкері «Қайсарға» қарсы матч туралы пікір білдірді

«Тұранның» бас бапкері «Қайсарға» қарсы матч туралы пікір білдірді

«Тұран» футбол клубының бас бапкері Абдухалик Бөрібаев ел чемпионатының үшінші турында өткен «Қайсарға» қарсы матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы түркістандық клубтың баспасөз қызметі жазды.

- Бүгінгі матч тартысты өтті. Əрине, кемшіліктер жоқ емес. Қазір чемпионаттың басы. Шымкент қаласында жасанды алаңда екі апталық жаттығу жасадық.

Футболшыларымның ойын барысындағы əрекеттеріне көңілім толды. Бәрі де бір команда болып жұмыс істеді. Жасанды алаңда жаттығу жасап, табиғи алаңда өнер көрсету ойынға əсер етеді. Біздің командаға концентрация жетіспеді.

Яғни, соңғы секундқа дейін əр футболшы ойында болуы керек. Қойған мақсаттарды, талаптарды дұрыс орындай алмауынан да болуы мүмкін. Тіпті, ойынға тыңнан қосылған футболшылар қойған міндетті орындай алмады. Ойынды толық сараптап, содан нəтиже шығарамыз.

Футбол ойнау үшін ауа райының ешқандай қолайсыздығы жоқ. Екі командаға да ауа райы бірдей болды. Алаң да екі жаққа бірдей болды. Стадионның алаңына су тұрып қалмады. Сондықтан да стадионға бапкер ретінде шағымым жоқ, - деді ол.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или