Бензема «Реалдың» Ла лигадағы сұрмергендер тізімінде 4-орынға көтерілді

Бензема «Реалдың» Ла лигадағы сұрмергендер тізімінде 4-орынға көтерілді

Испания чемпионатының 29-турында «Реал Мадрид» өз алаңында «Эйбарды» 2:0 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Осы ойында «Реал» шабуылшысы Карим Бензема бір гол соқты. Франциялық ойыншы 73-минутта мергендігімен көзге түсті. 

Бұл оның мадридтік клуб сапында Ла лига аясында соққан 187-голы болды. Осылайша, ол клубтың Ла лигадағы сұрмергендер тізімінде төртінші орынға көтерілді. 

Оның алдында тек үш ойыншы - Альфредо Ди Стефано (216), Рауль (228) және Криштиану Роналду (311) бар. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или