ҚПЛ: Үшінші турдың үш матчының тікелей трансляциясы

ҚПЛ: Үшінші турдың үш матчының тікелей трансляциясы

4 сәуірде Ақтау, Атырау және Түркістанда футболдан Қазақстан чемпионатының үшінші тур ойындары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ақтауда сағат 16:00-де жергілікті «Каспий» мен Талдықорғанның «Жетісу» арасындағы матч басталады. Батыс командасы маусымдағы алғашқы үш ұпайына қол жеткізу үшін барын салады. Ал, талдықорғандықтар жиналған ұпайлар бағанындағы «0» санынан арылуға тырысады (ҚФФ сертификаттау комиссиясы «Жетісу» клубынан маусым алдында 3 ұпай алып тастаған еді).

Дәл осы уақытта Атырауда жергілікті аттас команда «Ақтөбені» қабылдайды. Екі команда да турнир кестесінің екінші бөлігіне жайғасқан. Батысқазақстандық дерби көрерменге қызықты матч тарту етеді деген үміттеміз.

Батыс дербиінен бөлек, бұл турда ел футболының жанкүйерлері оңтүстіктің екі командасы арасындағы ойынға куә болады. Түркістанда «Тұран» қызылордалық «Қайсарды» қонақ етеді. Қос ұжым да маусымды сәтсіз бастады. «Қасқырлар» екі турда да жеңілді. Ал, «Тұранның» еншісінде бір ұпай ғана. Оны түркістандық команда аты шулы матчта еншілеген еді.

«Түркістан-Аренадағы» текетірес 18:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или