Роналду журналиспен ұрсысып қалды

«Реал» футбол клубының жартылай қорғаушысы Криштиану Роналду испандық журналистердің бірін балағаттады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Испания чемпионатының 22-ші турында «Атлетико» клубы «Реалды» 4:0 есебімен оңдырмай ұтты. Артынша журналистердің бірі алаң жиегінде Роналдуға бірнеше сұрақ қойған.

- «Кордобаға» қарсы матчта сізді бас төреші алаңнан қуғанда «Реал Мадридтің» таңбасын ұстадыңыз. Бұл нені білдірді?

- Бүгінгі ойын туралы сұрағыңыз жоқ па? Әлде үш ай бұрын өтіп кеткен нәрселерді еске алып тұрайық па?

- Сол бір әрекетіңіз нені білдіргені қызық болып тұр маған…

- Егер де сіз сауатты журналист болғаныңызда, бүгінгі ойын туралы сұраушы едеңіз...

- Қойған сұрағыма жауап берсеңіз…

- Сауатсыздарға жауап бермеймін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или