Агуэро мансабын өз елінде жалғастыра ма?

Агуэро мансабын өз елінде жалғастыра ма?

Серхио Агуэро мансабын туған клубы «Индепендьенте» сапында жалғастыру мүмкін , деп жазады Prosports.kz.

Аргентиналық клуб өзінің даңқты түлегін қайтадан қатарға қосуға ниетті. Бірақ «Индепендьенте» Агуэроның қалауындағы жалақыны бере алмайтыны сөзсіз. Демек бұл трансфер жақын арада жүзеге аспауы мүмкін. 

Агуэро 1997 жылдан бастап «Индепендьенте» клубында тәлім алған. Ал 2003—2006 жылдар аралығында аталған команда сапында 54 мтачқа қатысып, 23 гол соққан.  

Айта кетейік, 32 жастағы ойыншы жақында ғана «Манчестер Сити» сапынан кететінін мәлімдеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или