Артистік жүзуден Олимпиадаға Қазақстан атынан кім қатысады?
Биыл Токио Олимпиадасында артистік жүзу бәсекесі 2-7 тамыз аралығында Токио су спорты түрлері орталығында (Tokyo Aquatics Centre) өтеді. Бұл кешен Тацуми теңіз маңы саябағында арнайы осы олимпия мен паралимпия ойындарына арнап салынған. Жалпы 15 мың жанкүйер сиятын нысанда артистік жүзуден бөлек, суда жүзу, суға мәнерлеп секіруден сайыстар өтеді. Олимпиададан кейін аталған орталықтың сыйымдылығы 3 есе, яғни 5 мыңға дейін кемиді.
Бастапқыда «су балеті» деп аталған артистік жүзу спорты алғаш рет 1984 жылы Лос Анджелестегі төрт жылдықтың басты додасында қатарға қосылды. Содан бері олимпиада бағдарламасынан тыс қалған емес. Жалпы 9 Олимпиадаға 47 мемлекет қатысып, 7-еуі медаль алған. 51 жүлде жиынтығы (18 алтын, 16 күміс, 17 қола) үшін 587 атлет күш сынасқан екен.
Жүлде алған командалар:
-
Ресей – 10 жүлде (барлығы алтын);
-
АҚШ – 9 (5+2+2);
-
Канада – 8 (3+4+1);
-
Жапония – 14 (4 күміс пен 10 қола)
-
Қытай – 5 (3 күміс пен 2 қола)
-
Испания – 4 (3 күміс пен бәр қола)
-
Франция – бір қола
Кейінгі бес олимпия ойындарында 24 мемлекеттен спортшы бақ сынап келеді. Ең көп қатысушы Риодағы Олимпиадада тіркеліпті (105). Ал ең аз қатысушы 1988 жылы Сеулде (18 елден 47).
Алғашқыда 1984 пен 1992 жылдың арасында артистік жүзу жекелей және жұптық бағдарламада өтсе, 1996 жылы Атлантада тек командалық сын өтті. Сидней Олимпиадасынан бастап бүгінге дейін жұптық және 8 адамнан тұратын командалық бағдарлама бойынша өткізіледі.
Ереже:
Бассейн тереңдігі – 3 метр, ені – 20 метр, ұзындығы – 25 метр. Алғашқы техникалық бағдарлама кезінде спортшыларға 2 минут, 50 секунд беріледі. Ал еркін бағдарламада жұптар – төрт, командалар бес минут өнер көрсете алады. Музыканың сүйемелдеуімен орындалатын жаттығуларды қазылар синхрондылық, күрделілік, техника және хореография бойынша бағалайды.
Қазақстан спортшылары бұл спорт түрінен тек жұптық сында 4 олимпиадаға қатысқан.
Нәтижелері:
Сиднейде – 22-орын:
Афиныда 18-орын;
Бейжің – 20-орын;
Лондон – 15-орын;
Әртістік жүзуден Олимпиадаға Қазақстан атынан әпкелі-сіңілі Немичтер қатысады. Александра мен Екатерина 1995 жылы 3 қаңтарда Қарағанды облысында дүниеге келген. Отандық дуэттің үздік нәтижелері: Азия чемпионатының қола жүлдегері (2016), Азия ойындарының қола жүлдегері (2014, 2018).