Қазақстан чемпионатының наурыз айының үздік голы таңдалды

Қазақстан чемпионатының наурыз айының үздік голы таңдалды

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) 2021 жылғы футболдан Қазақстан Чемпионатының наурыз айының үздік голын анықтау мақсатымен футбол сүйер қауым және жанкүйерлер арасында арнайы сауалнама ұйымдастырды.

Сауалнама ҚКФЛ Вконтакте әлеуметтік желісінің ресми тобында өткізілді. Жанкүйерлер таңдауына 6 үздік гол ұсынылды. Шараға барлығы 2344 адам қатысты.

Сауалнама қорытындысы бойынша ең үздік болып 2021 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының «Тұран» – «Астана» (1-тур) кездесуінде соғылған Абзал Бейсебековтың тамаша голы атанды. Елордалық ұжым капитанының голына 928 (39,59 %) сауалнамаға қатысушы дауыс берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или