«Жаңа бапкер батыл ойнайтыны таңғалдырды». «Металлург» экс-ойыншысы Украина - Қазақстан матчы туралы

«Жаңа бапкер батыл ойнайтыны таңғалдырды». «Металлург» экс-ойыншысы Украина - Қазақстан матчы туралы

Донецкілік «Металлургтің» бұрынғы футболшысы Кирилл Нестеренко 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Украина - Қазақстан матчы туралы пікірін айтты, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz тілшісі<span> </span>Sport.ua сайтына сілтеме жасап.

«Менің ойымша, Қазақстан Украина құрамасына бейімделеді. Біздің команда өз ойынына зейін қоюы керек. Қазақтарға жаңа бапкер келді, оған дейін ол жастар құрамасымен жұмыс істеді. Біз мұнда мүлдем басқа міндеттер болатынын және әртүрлі футболға ұмтылатынын түсінеміз. Үш орталық қорғаушы ойнайтын бұрынғы тактиканы күтуге болады. Жаңа бапкердің батыл ойнай бастағаны мені таңғалдырды. Біз Қазақстан құрамасының Франциямен қалай батыл ойнағанын көрдік », - деді Нестеренко.

Украина - Қазақстан матчы 1 сәуірге қараған түні Киевте өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или