Гүлжігіт Алықұлов: «Қайратта» кәсіби деңгейге көтерілдім

Гүлжігіт Алықұлов: «Қайратта» кәсіби деңгейге көтерілдім

Қазақстан чемпионатындағы талантты футболшылардың бірі Гүлжігіт Алықұлов Prosports.kz сайтына сұхбат берді.

- Гүлжігіт, қатарынан екі апта Азияда үздік футболшы атағын жеңіп алдыңыз. Жеңіс құтты болсын! Сердар Азмун, Мехди Тареми, Сон Хын Мин секілді жұлдыздардың алдын орап кеттіңіз? Қандай сезімдесіз?

- Көп рахмет! Әрине, екі рет қатарынан апта ойыншысы атанғаныма қуаныштымын. Сонымен қатар, Сердар Азмун және Сон Хын Мин сияқты ойыншылармен бір тізімде болғаным қуантады. Олар керемет футболшылар және олардың деңгейі менікінен жоғары. Бұл жеңіс шеберлікті әрі қарай да шыңдауға жігер береді.

- «Қайраттың» қатарына қосылғаныңызға бір жылдан асты. Осы уақыт сізге қалай әсер етті?

- «Қайратқа» да, Алматыға да бой үйреттім. «Қайратта» кәсіби деңгейге көтерілдім. Мұнда көшіп келгенімде бұл клуб еуропалық жарыстарда ойнайтын және өз елінде чемпиондық үшін күресетін үлкен ұжым екенін білдім.

Бәріне кәсіби көзқараспен қарауды үйрендім. Біздің команда тамаша, бірлігіміз бекем. 

- Сіз келген соң «Қайрат» соңғы 16 жылда алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды. Сіз өзіңізді осы жетістіктің негізін қалаушылардың бірі деп санайсыз ба?

- Жоқ, бұл бәріміздің жеңісіміз, мен тек командаға көмектестім. Енді алға жылжып, чемпиондық атақты қорғауымыз керек. Ол үшін біз алаңда да, алаңнан тыс та бір команда болуымыз керек.

- «Қайратта» қай футболшымен жақын қарым-қатынастасыз?

- Мен командадағы барлық адаммен жақсы араласамын. Қарым-қатынасымыз өте жақсы. Базада тұратын жас ойыншылармен жиі сөйлесемін. 

- Осы маусымда команда көшбасшыларының бірі деген атағыңыз бар. Сізге қарсыластардың, мамандардың, журналистердің, жанкүйерлердің назары күшейді ме?

- Біз маусымды жақсы бастадық. Мұның бәрі командаластардың, жаттықтырушылардың, дәрігерлердің және клубқа қатысы бар жандардың арқасы.

- Сіз үшін «Қайрат» мансабыңыздағы ең биік шың ба, әлде алматылық ұжымда ойнау арқылы Еуропадағы алып клубтардың назарын аударғыңыз келе ме?

- «Қайрат» футбол клубында ойыншының кәсіби маман болып өсуіне барлық жағдай жасалған. Бізге Қазақстан чемпионатында және Чемпиондар лигасында жақсы өнер көрсету керек. Бұл үлкен еңбекті қажет етеді. Біздің жаттықтырушылар құрам өте мықты. Әрине, мен болашақта Еуропа чемпионаттарында ойнағым келеді, бірақ қазір менің ойым «Қайратта».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или