«Ақтөбеге» жаңа спорт директоры тағайындалды

«Ақтөбеге» жаңа спорт директоры тағайындалды

«Ақтөбе» футбол клубына жаңа спорт директоры келді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты «Тень отца Гурмана» телеграм-арнасына сілтеме жасап.

«Асхат Қалжанов «Ақтөбе» футбол клубының спорт директоры қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол осы клубта БАҚ қызметін атқарды, содан кейін Ақтөбе облысының футбол қауымдастығының бас хатшысы болып жұмыс істеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы қаңтарда Мұрат Тілешев ақтөбелік клубтың спорт директоры болып тағайындалғаны белгілі болды. Алайда ол бұл лауазымда бір апта да жұмыс істемеді, тараптар өзара келісім бойынша тарқасты», - деді ақпарат көзі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или