Агент: «Аталантаның» Зайнутдиновке қызығушылық танытқаны рас

Агент: «Аталантаның» Зайнутдиновке қызығушылық танытқаны рас

Агент Евгений Новиков «Спорт-Экспресс» басылымына «Аталантаның» ЦСКА ойыншысы Бахтиер Зайнутдиновке қызығушылығына қатысты пікір білдірді.

- Бахтиер «Аталантаның» көз тіккен футболшылар тізіміне енді деген ақпарат рас.

Егер екі тарапты ұсыныс қанағаттандырса трансфер болуы мүмкін. Бастысы ЦСКА клубына ресми ұсыныс келу керек, - деді агент.

Transfermarkt Бактиерді 3,5 миллион еуроға бағалап отыр. Өткен жылдың жазында мәскеуліктер 22 жастағы футболшыны «Ростовтан» 2 миллион еуроға сатып алған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или