Зайнутдиновтың агенті футболшыға «Аталанта» көз тіккенін растады

Зайнутдиновтың агенті футболшыға «Аталанта» көз тіккенін растады

ЦСКА жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдиновтың мүддесін қорғайтын агент Евгений Новиков ойыншының «Аталанта» клубы көздеген трансферлер тізіміне енуі туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sport-express.ru порталына сілтеме жасап.

- Бактиердің «Аталанты» қысқа тізіміне енгені туралы ақпарат шындыққа сәйкес келеді.

- Екі жаққа да жақсы ұсыныс болған жағдайда Бактиер кетуге дайын ба?

- Егер ұсыныс екі жақтың көңілінен шықса, меніңше, бәрі риза болады. Ең бастысы - ЦСКА клубына ресми ұсыныс жасалу керек, - деді Новиков СЭ-ке.

Осы маусымда 22 жастағы Зайнутдинов мәскеулік клуб сапында 22 матч өткізіп, бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

 

Зайнутдинов жарақат алғанын растады

Мас шенеунік жарақат алған Зайнутдиновке қысым жасады ма?

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или