Бактиер Зайнутдинов «Аталанта» қатарына қосқысы келетін футболшылар тізіміне енді

Бактиер Зайнутдинов «Аталанта» қатарына қосқысы келетін футболшылар тізіміне енді

Қазақстан Ұлттық құрамасы мен Мәскеудің ЦСКА клубының ойыншысы Бактиер Зайнутдинов «Аталанта» клубы көздеген трансферлер тізіміне енді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sport24-ке сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, италиялық клуб сол жақтағы позицияны нығайтуды жоспарлап отыр, ал қазақстандық футболшы сатып алуға басты үміткерлердің бірі. «Аталанта» проблемалық позицияны 2021 жылдың жазында нығайту жоспарлап отыр.

Зайнутдинов әмбебап футболшы. Тек осы маусымда ол клубта төрт позицияда ойнады: сол және оң қаптал қорғаушысы. Сондай ақ, қос қапталда да вингер позициясында өнер көрсетті.

Ал Қазақстан ұлттық құрамасында оны жартылай қорғаныста немесе таза шабуылшы ретінде қолданады.

Transfermarkt Бактиерді 3,5 миллион еуроға бағалап отыр. Өткен жылдың жазында мәскеуліктер 22 жастағы футболшыны «Ростовтан» 2 миллион еуроға сатып алған еді.

 

Зайнутдинов жарақат алғанын растады

Мас шенеунік жарақат алған Зайнутдиновке қысым жасады ма?

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или