Еңсе түсірмес жеңіліс. Қазақстан Франциядан екі доп айырмасымен ұтылды

Еңсе түсірмес жеңіліс. Қазақстан Франциядан екі доп айырмасымен ұтылды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Ұлттық құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңін бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан Нұр-Сұлтанда әлем чемпионы Франция құрамасын қабылдады. Нәтиже көңіл көншітпесе де, еліміздің бас командасы азулы қарсыласпен ойында мол тәжірбие жинады.

Алғашқы минуттардан Франция допты өз иеліктеріне алғанымен, жылдам гол соға алмады. Әйткенмен, 20-минутта Усман Дембеле есеп ашып кетті.

Тайм аяғына дейін алаң иелері Уго Льорис қорғаған қақпа маңына жақындап, шабуыл ұйымдастырмаса да, қорғаныста сауатты ойнай білді. Тек, үзіліс алдында ғана бұрыштамадан гол жіберіп алды. Өз алаңында Поль Погбаны тұсап ұстаймын деген Сергей Малый, абайсызда Александр Мокин қорғаған қақпаға гол соғып алды.

Екінші таймда әлем чемпиондары онсыз баяу қарқынын бәсеңдетті. Антони Марсьялдың орнына шыққан Киллиан Мбаппенің шығуымен француздардың шабуылына қан жүгірді. ПСЖ шабуылшысы пенальти де еншілеген еді. Алайда, әлемнің үздік футболшыларының бірі 39 жастағы Александр Мокиннен айласын асыра алмады. Мбаппенің қақпаның сол бұрышына бағыттаған соққысын «Тобыл» қақпашысы қайтара білді.

Ойын соңына дейін таблодағы есеп өзгремеді. Қорытынды есеп - 0:2. Әрине, француздар бар шеберлігін паш етпеді. Оны мойындаймыз. Бірақ Талғат Маруанұлы Байсуфинов шәкірттері де жаман ойын көрсетті деп айта алмаймыз.

Әлем чемпионаты. Іріктеу кезеңі. D тобы

Қазақстан - Франция - 0:2(0:2)

Гол соққандар: Дембеле 19, Малый 45(өз қақпасына)

Қазақстан:Александр Мокин (қақпашы), Сергей Малый, Нұралы Әліп, Темірлан Ерланов, Руслан Валиуллин, Марат Быстров, Асхат Тағыберген, Серікжан Мужиков, Азат Нұрғалиев (капитан), Владислав Васильев, Максим Федин

Франция: Уго Льорис (қақпашы, капитан), Клеман Ленгле, Лео Дюбуа, Курт Зума, Люка Динь, Поль Погба, Антуан Гризманн, Тома Лемар, Танги Н'Домбеле, Антони Марсьяль, Усман Дембеле

28 наурыз. Нұр-Сұлтан. «Астана Арена» стадионы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер